ПОИСК

АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ ҮШІН

ӨНДІРУШІНІҢ КЕПІЛДІГІН ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

Обращаем Ваше внимание, что нижеизложенная информация носит ознакомительный характер, и в случае расхождений в условиях, описанных в сервисной книжке владельца автомобиля и на данной странице, приоритет остается за сервисной книжкой.



1. Жаңа автокөліктерге кепілдік

Төменде келтірілген шарттарға сәйкес Mitsubishi Motors Corporation компаниясы (Бұдан әрі мәтін бойынша Mitsubishi Motors) кепілдіктің әрекеті таралатын барлық бөлшектің материалдық және / немесе өндірістік ақаулығының жоқ екенін, сондай-ақ қалыпты пайдаланған және Mitsubishi ресми сервис орталықтарында уақтылы техникалық қызмет көрсетілген жағдайда өндірістік сипаттағы ақаулардың туындауына бейім емес екенін кепілдендіреді.

Кепілдік шарттарына сүйене отырып, Mitsubishi автокөлігінің ақаулы деп танылған элементі «Жаңа автокөліктерге кепілдіктер» шарттарына сәйкес осы Бөлімнің 4-тармағында көрсетілген кепілдік әрекет ететін елдерде Mitsubishi ресми сервис орталығы арқылы тегін ауыстырылуы немесе жөнделуі тиіс. Кепілдік жөндеу қажеттілігі және жөндеу тәсілі (жөндеу немесе ауыстыру) туралы шешімді қабылдау құқығы тек Mitsubishi ресми сервис орталығына тиесілі.

Егер қолданыстағы заңнамада өзгесі қарастырылмаған болса, Mitsubishi автокөлігіне кепілдік жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ауыстырылған бөлшектер, тораптар, агрегаттар мен айрықша элементтер (жаңалары орнатылған жағдайда) Mitsubishi Motors немесе оның өкілдік берген үшінші тұлғаларына тиесілі болады.

1.1. Негізгі элементтерге кепілдік

Айрықша және арнайы уағдаласылатын элементтерден өзге жаңа, ресми жеткізілетін MITSUBISHI автокөліктердің негізгі элементтеріне бірінші сатып алушыға жеткізу сәтінен (яғни сервистік кітапшаның тіркелу картасында көрсетілген кепілдіктің басталу күнінен) бастап төмендегі шарттармен 3 жылдан аспайтын мерзімге кепілдік беріледі:

— Пайдаланудың алғашқы 24 айының ішінде — жүрілген жол шектелместен;

— Қалған 12 айдың ішінде (кепілдіктің басталу күнінен 25-ші айдан 36-шы айға дейін) көрсетілген мерзім ішінде автокөліктің жүрген жолы 100 мың км-ден аспайтын болса, кепілдік ұсынылады.

Айрықша және арнайы уағдаласылатын элементтерден өзге жаңа, ресми жеткізілетін MITSUBISHI PAJERO SPORT QX (01.10.2017 жылдан бастап сатылған) автокөліктердің негізгі элементтеріне бірінші сатып алушыға жеткізу сәтінен (яғни сервистік кітапшаның тіркелу картасында көрсетілген кепілдіктің басталу күнінен) бастап төмендегі шарттармен 5 жылдан аспайтын мерзімге кепілдік беріледі:

— Пайдаланудың алғашқы 24 айының ішінде — жүрілген жол шектелместен;

— Қалған 36 айдың ішінде (кепілдіктің басталу күнінен 25-ші айдан 60-шы айға дейін) көрсетілген мерзім ішінде автокөліктің жүрген жолы 150 мың км-ден аспайтын болса, кепілдік ұсынылады.

Кепілдік ақаулық өндіріс технологиясының бұзылуынан немесе сапасы лайықты емес құрамдас бөлшектер мен материалдарды қолданудан туындаған жағдайда ұсынылады.

1.1.1 Лак-бояу жабынына кепілдік.

Кепілдіктің бұл түрі тек шанақтың өндіруші зауытта көп қабатты сәндік лак-бояу жабынымен боялған сыртқы беттеріне ғана таралады және материал ақаулығының немесе өндіріс технологиясының бұзылуының салдарынан қажет болатын мұндай лак-бояу жабынын жөндеуді білдіреді. Лак-бояу жабынының кепілдік мерзімі көрсетілген шарттарға сәйкес автокөліктің кепілдік мерзіміне тең.

1.1.2 Өтпелі коррозияға кепілдік.

Төменде келтірілген қызмет көрсетудің ұсынылу шарттары мен тәртібіне сәйкес Mitsubishi Motors материалда не өндірістік кемшіліктің болуына байланысты шанақ бөлшектерінің ішкі коррозиялану процестерінің сыртқа шығуының салдары болып табылатын шанақтың металл панельдерінің өтпелі бұзылулары туындаған жағдайда коррозияға ұшыраған шанақ панелі кепілдіктің басталу күнінен және жүрілген жолға тәуелсіз 12 жылдың ішінде кез келген Mitsubishi авторландырылған сервис орталығында ақысыз жөнделетінін немесе ауыстырылатынын кепілдендіреді.

Назар аударыңыз: Ресми сервис орталығында көлік иесінің есебінен шанаққа жыл сайынғы міндетті қарап тексеру өткізу және шанақтың лак-бояу жабынының анықталған зақымдарын көлік иесінің есебінен уақтылы (Mitsubishi ресми сервис орталығы ақаулықты анықтаған және ақпаратты «Шанақты инспекциялық қарап тексеру» бөліміне енгізу күнінен бастап 3 айдың ішінде) түзету коррозияға қарсы кепілдіктің сақталуының міндетті шарты болып табылады.

Өткізілген жыл сайынғы шанақтың қарап тексерулері туралы ақпаратты ресми сервис орталығы осы Сервистік кітапшаға тіркеген болуы тиіс.

1.2. Арнайы уағдаласылатын элементтер.

Төмендегі тізімде келтірілген арнайы уағдаласылатын элементтер Mitsubishi Motors кепілдігіне жатпайды. Оларға элементтерді өндірушінің (сатушының немесе оларды орнатқан сервис орталығының) бөлек кепілдігі берілуі мүмкін:

– Mitsubishi автокөлігінің өндірушісі орнатқан жабдықтардан өзге қосымша жабдықтар.

– шиналар, соның ішінде жаңа Mitsubishi автокөлігіне бастапқы орнатылған шиналар.

1.3. Қосалқы бөлшектерге кепілдік.

Mitsubishi түпнұсқа қосалқы бөлшектеріне кепілдіктің әрекет ету мерзімі бөлшекті Mitsubishi ресми сервис орталығында орнату шартымен клиентке бөлшектің Mitsubishi ресми дилерлік желісінде сатылған күнінен бастап 2 жылды құрайды.

Кепілдік жөндеу жұмысының барысында жөнделген немесе ақаулы бөлшектердің орнына орнатылған қосалқы бөлшектерге кепілдік тек автокөлікке кепілдік мерзімінің шегінде немесе айрықша элементтерге кепілдік мерзімінің соңына дейін таралады.

2. Кепілдіктің шектеулі әрекет ету саласы.

Mitsubishi Motors кепілдігі тек өндірістік сипаттағы кемшіліктермен шектеледі және төмендегі жұмыстарға, бөлшектерге, материалдар мен мән-жайларға таралмайды:

2.1. Диагностикалық және реттеу жұмыстарын қоса алғанда жоспарлы техникалық қызмет көрсетулер кезіндегі регламенттік жұмыстар, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету кезінде бір реттік элементтердің бұзылуы және басқа материалдардың шығындалуы.

2.2. Агрессивті химиялық заттектердің, соның ішінде қысқы уақытта жолдардың бетіне мұз қатудың алдын алу үшін қолданылатын заттектердің сыртқы әсерінің нәтижесінде тығындалып қалуларды, ластануларды, коррозияны жоюмен байланысты бөлшектерді тазалау және майлау бойынша жұмыстар.

2.3. Дөңгелектерді теңгеру бойынша жұмыстар.

2.4. Кез келген бөлшектердің қалыпты тозуы, бөлшектердің жабынының, лак-бояу қабатының, резеңке бөлшектердің, қаптауыштар мен өңдеудің қоршаған ортаның әсерінен және қалыпты қолданудың нәтижесінде табиғи ескіруі және бұзылуы.

2.5. Автокөліктің қалыпты пайдалану жағдайларына және пайдаланушылық жүрілген жолына сәйкес келетін тозуынан туындаған бөлшектердің істен шығуы.

2.6. Шығыс және жағармай материалдары, қалыпты пайдалану барысында қолданылатын немесе тозатын және бұзылатын басқа да элементтер:

– ауа сүзгісі

– май сүзгісі

– отын сүзгісі

– салон сүзгісі

– жетек белдіктері*

– оталдыру білтелері

– тежегіш қыспақтары мен қалыптары

– тежегіш дисктер және барабандар

– әйнектазартқыш щеткалары

– әртүрлі төсемелер (цилиндрлер блогы бастиегінің төсемесінен өзге)

– тығыздамалар

– балқығыш сақтандырғыштар

– қыздыру шамдары (барлық түрі)

– электрқозғалтқыштардың щеткалары

– түтін шығару құбырлары мен бәсеңдеткіштер

- мотор майы

- механикалық және автоматты беріліс қораптарына арналған трансмиссиялық май

– дифференциалға және үлестіруші қорапқа арналған май

– руль редукторына және гидрокүшейткішіне арналған май

– ілінісудің және тежегіштердің гидрожетегіне арналған сұйықтық

– консистентті жағармай

– салқындату сұйықтығы

– электролит

– салқындатқыш агент

– әйнекжуғыштар мен фаражуғыштарға арналған сұйықтық

– отын

Ескертпе: 

Газды бөлу механизмі мен теңгергіш біліктердің жетек белбеулерінен өзге.

2.7. Жүйелерді және механизмдерді басқару органдарының, соның ішінде руль дөңгелегінің, берілістерді және трансмиссия режимдерін ауыстыру тұтқаларының, басқару педальдарының, сондай-ақ ішкі және сыртқы өңдеу элементтері мен орындықтар қаптауышының қалыпты пайдалану нәтижесіндегі зақымдалуы және тозуы.

2.8. Автокөліктің немесе оның элементтерінің, соның ішінде тежеу жүйесінің сапасына, сипаттамаларына немесе жұмысқа қабілеттілігіне әсер етпейтін мардымсыз ауытқулар, мысалы, әлсіз шуыл, сықыр, шиқыл, діріл және т.с.с.

Ескертпе: Шуылдар мен дірілдің болуы автокөліктің агрегаттары мен жүйелерінің қалыпты жұмысын сипаттайды және өз алдына ақаулық көрінісінің белгісі емес. Шуыл деңгейінің көбею не азаю жағына қарай өзгеруі ақаулықтың көрінісін немесе туындағанын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда кідірместен Mitsubishi ресми сервис орталығына хабарласу қажет.

2.9. Сыртқы жарық аспаптарының ішкі бетіндегі ылғалдың мардымсыз конденсациясы.

2.10. Жүргізілмеген немесе тиісті түрде жүргізілмеген техникалық қызмет көрсетуден, мысалы, жүрілген жол немесе мерзім бойынша жоспарлы ТҚК орындау мерзімділігінің ауытқуынан, сондай-ақ осы Сервистік кітапшада және Автокөліктің пайдалану нұсқаулығында тағайындалған күнделікті, мерзімді техникалық қарап тексеруді және қызмет көрсетуді елемеуден туындаған залал.

2.11. Анықталғаннан кейін басқа ақаулықтарды уақтылы жоймаудың салдарынан туындаған ақаулықтар.

2.12. Автокөлікті пайдалану материалдары, мысалы, тежегіш немесе салқындату сұйықтығы, майлары немесе жағармайы жеткіліксіз күйде пайдаланудың нәтижесінде, олардың жылыстауын немесе артық шығындалуын уақтылы анықтамаумен байланысты немесе өндірушінің ұсынбаған пайдалану материалдары мен отынды қолданудың нәтижесінде туындаған зақымдар.

Ескертпе: Отынның, пайдалану материалдарының шығыны мен бөлшектердің тозу қарқындылығы пайдалану жағдайларына, қозғалыс режимдері мен автокөлік жүргізу тәсілдеріне байланысты және өз алдына қозғалтқыштың және автокөліктің жүйелерінде ақаулықтың бар болуын айқын анықтай алмайды.

2.13. Сапасыз отын және басқа да шығыс материалдарын қолданудың нәтижесінде туындаған зақымдар.

Ескертпе: Сапасыз отынды қолдану тиісті бөлшектердің беттерінің ластануына немесе оларға шайырлардың немесе жану өнімдерінің шөгуіне алып келуі және жалпы қоректендіру және қозғалтқыш жүйесінің жұмысына оның мүлдем істен шығуына дейін әсер етуі, пайдаланылған газдарды каталиттік бейтараптандырғыштың, оттегі датчигінің бүлінуіне және өзге де жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін.

2.14. Жанып тұрған бақылау шамдары, жүйелер мен агрегаттардың жұмыс істемеуі секілді ақаулық белгілері бар автокөлікті пайдаланудың нәтижесінде туындаған зақымдар

2.15. Түпнұсқа емес немесе Mitsubishi Motors (не өкілетті өкілі) тарапынан қолданылмайтын бөлшекті немесе дұрыс емес техникалық қызмет көрсетудің және Mitsubishi бейресми сервис орталығында жөндеудің нәтижесінде ауыстырылған немесе жөнделген бөлшекті қолданудың нәтижесінде туындаған залал.

2.16. Автокөліктің жол-көлік оқиғасының, абайсыздықтың, автокөлікті немқұрайлы пайдаланудың, оны жарыстарда, раллиде және т.с.с. пайдаланудың, автокөлікті немесе оның бөлшектерін Mitsubishi Motors (немесе оның өкілетті өкілі) тарапынан мақұлданбаған модификациялаудың нәтижесінде зақымдалуы.

2.17. Автокөліктің сыртқы әсерлерден (химиялық заттектердің, қышқылды жаңбырлардың, ағаштардың шайырының, құстар мен жануарлардың тіршілік әрекеті өнімдерінің, мұз қатуға қарсы химиялық реагенттердің, жол төсемі бөлшектерінің: тастардың, құмның және т.с.с. әсерлерінен), өрттен, адамның техногендік әрекетінен немесе оның ұқыпсыздығынан туындаған апаттардан, сондай-ақ сұрапыл апаттардан туындаған зақымдары.

2.18. Жүкті тиеудің, бекітудің, тасымалдаудың немесе түсірудің нәтижесінде шанақтың, салонның, жүк салатын кеңістіктің, төбенің, рейлингтердің зақымдалуы.

2.19. Ақаулы автокөлікті пайдалана алмаумен байланысты шығыстар, соның ішінде: уақыт шығыны, отынға, телефон байланысына, көлікке жұмсалатын шығындар, кірісті жоғалту және басқа да коммерциялық шығындар.

2.20. Одометрінің көрсеткіштері өзгертілген және жүрілген жолын анықтау қиындатылған кез келген автокөлік.

2.21. Mitsubishi ресми сервис орталығы растаған ақаулығының болмау шартымен автокөліктің көлік иесінің күткеніне сәйкес келмеуі.

3. Автокөлікке мерзімді техникалық қызмет көрсету.

Автокөліктің тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін осы Сервистік кітапшада көрсетілген шарттарға және жоспар-кестеге сәйкес жүйелі түрде мерзімді техникалық қызмет көрсету жүргізіп отыру қажет. Өткізілген мерзімді ТҚК туралы ақпаратты ресми сервис орталығы осы Сервистік кітапшаның тиісті беттеріне тіркеген болуы тиіс. Мерзімді ТҚК өткізілу шарттары мен кестесі туралы жедел ақпарат алу, сондай-ақ өткізілген ТҚК туралы ақпаратты уақтылы енгізу мақсатында Сервистік Кітапшаны автокөлікте сақтауға кеңес береміз.

Назар аударыңыз: жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді орындамау немесе тиісінше орындамау Mitsubishi Motors кепілдік саясатына және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес кепілдік бойынша жөндеуді жүргізуден бас тартуға алып келуі мүмкін.

 

4. Mitsubishi Motors кепілдігі әрекет ететін елдердегі кепілдік жөндеу.

Жаңа Mitsubishi автокөліктеріне кепілдік келесі елдерде әрекет етеді: Австрия, Андорра, Беларусь Республикасы, Бельгия, Болгария, Босния-Герцеговина, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Гибралтар, Греция, Дания, Израиль, Ирландия (Эйре), Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Кипр, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия және Черногория, Словак Республикасы, Словения, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония.

Жоғарыдағы тізімдегі елдердің кез келгеніне уақытша келген жағдайда (автокөліктің бірінші тіркелуі Қазақстан Республикасында болу шартымен) көлік иесі өз автокөлігін кез келген Mitsubishi ресми сервис орталығында кепілдікпен жөндетуге құқылы. Кепілді техникалық қызмет көрсетуді пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін Сервистік кітапшаның автокөлікте тұрғанына көз жеткізіңіз, себебі сервис орталығына шағымды рәсімдеу үшін кітапшадағы тіркелу ақпараты қажет болады.

Көлік иесінде бұл ақпарат болмаған жағдайда жөндеу жұмыстары оның есебінен жүргізіледі. Шығыстардың өтемақысын алу үшін жөндеу жұмыстарының шотын сақтап қою және елге қайтып келгеннен кейін жергілікті Mitsubishi ресми сервис орталығына хабарласу қажет.

Егер автокөліктің бұл моделі (модификациясы) шет мемлекетте сатылмайтын болса, ол жерде сіздің автокөлігіңізді жөндеуге қажетті бөлшектің болмауы мүмкін екенін ескеруіңіз қажет.